Кенияда піл турист әйелге тап берді

Испаниялық турист Кенияда сафари кезінде зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ultima Hora басылымына сілтеме жасап.

Майорка тұрғыны Эли Фернандес Африкаға бал айына келген және естен кетпес демалыс өткізбек болған. Алайда бұл сапары жақсы жағынан есте қалатындай болмады.

Элидің айтуынша, ол пілдің шабуылына тап болып, таңғажайып жағдайда аман қалған. Ол жолдасымен бірге Элатия Мара лагерінде демалған. Осы кезде қонақүй қызметшісі келіп, автокөлік тұрағында жабайы аңдар жүргенін айтқан. Ол жақынырақ барып, тамашалауға кеңес берген.

@ely_traveler ♬ sonido original - Ely ♥️???

"Биікке көтеріліп, пілдер тобын көрген. Осы кезде біреуі адамдардың бағытына қарай жүгірген", - дейді Фернандес.

Қыз бала құлап қалып, жануар оны таптай бастаған. Піл турист қызды бірнеше рет соққан.

"Кеуде тұсым қатты ауырды. Барлық жерім сырылған, көгерген. Шок алдым. Бұл жануардың салмағы тонна болатынын ескерсек, қалай аман қалғанымды білмеймін", - дейді испаниялық қыз.

Қонақүй әкімшілігі жас жұбайларға өтемақы ретінде тегін шарап ұсынған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!