Екі әйелдің бортта жанжалдасуының салдарынан ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Ашуға булыққан екі әйел Frontier Airlines әуекомпаниясының ұшағында жанжал шығарып, рейсті діттеген жеріне жеткізбей тастады. Оқиғаның видеосы 8 News Now басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Лайнер Филадельфиядан Лас-Вегасқа ұшқан. Осы ұшақта болған Лас-Вегас тұрғыны жанжалдасқандарды видеоға түсірген. Оның айтуынша, екі әйел жанжалдасып, айғайласқан. Стюардесса оларға үш рет жақындап, тынышталуын өтінген. Одан еш нәтиже шықпаған соң біреуін басқа орынға отырғызған. Алайда соған қарамастан олар алыстан айғайласуын доғармаған. Әйелдердің бірі тіпті бір ер адамның басынан ұрған.

"Бұл жағдай барлығын мезі қылды, олар болса қояр емес. Жолаушылар олардан ауызын жауып отыруды өтінді", - дейді куәгер әйел 8 News Now басылымына берген сұхбатында.

Осыдан кейін ұшақ Колорадо штатындағы Денвер қаласының әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Жанжалдасқан екі әйел ұшақтан шығарылды, оларды тіпті полиция күтіп алған. Бірнеше жолаушы да ұшақта түсіп, куәлік етуге келіскен. Олар ұшаққа келгенде полиция ФТБ-ға (ФБР) хабарласқанын айтқан.

"Қуанышқа орай, Frontier командасы керемет болды", - дейді әйел жағдайды бақылауда ұстаған экипаж мүшелерін мақтай отырып.

Видеоны тамашалаған Желі қолданушылары бұзақы әйелдерге өмірбойына кез келген әуекомпанияның ұшағына отыру тыйымын салу керектігін жазды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!