Баренцев теңізінде алты метрлік кит жағаға шығып қалған

Ресейдің Мурманск облысындағы Рыбачий түбегінде Баренцев теңізінің жағалауына алты метрлік киттің өлексесі табылды. Болжаммен сүтқоректінің өліміне адамдар кінәлі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mash Тelegram-каналына сілтеме жасап.

Киттің жасы шамамен 4-5-те болған.

Мамандар өлекседен азықтан әлсіреу іздерін байқамаған және болжаммен кит адамдардың әрекетінен өлген: оған акустикалық пневмопушкамен соққы жасалған, әдетте оны геологиялық барлау жұмыстары кезінде пайдаланады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!