Доминикан республикасында туристер мінген автобус аударылып, екі адам қаза тапты

Доминикан республикасының шығысында оңтүстікамерикалық туристер мінген автобус аударлыды. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Hoy Digital.

Жол-көлік оқиғасы Пунта-Кандағы танымал Баваро курортының Туристико бульварында болған. Автобуста кемінде 52 адам отырған. 

Саяхатшылардың көбісі Бразилия, Аргентина, Колумбия, Перу және Чилиден келген. Қайғылы жағдай салдарынан күйеулерімен жүрген 40 жастағы перулік және 33 жастағы аргентиналық әйел ажал құшты. 48 адам ауруханаға жеткізілді. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!