Қазақстанда ішкі туризм қарқыны қалай өсті?

2022 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 триллион теңге жұмсалады деп жоспарланған, оның 1,1 триллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Ведомство басшысы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

"Ұлттық жобаның 2021 жылға арналған іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 897 миллиард теңгеден асты, оның ішінде республикалық бюджеттен 271 миллиард теңге. 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 миллиард теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат - 1 197 миллиард теңге", - деді түйіндеді Әлібек Қуантыров.

Ішкі туристер саны 6,9 миллион адамға дейін өсті.

"2021 жылы туризм индустриясы пандемия салдарынан кіру шектеулеріне байланысты қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты елімізге келушілер саны айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізбедіқ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі 40,5 пайыз болды, жоспар бойынша 50 пайыз еді", — деп түсіндірді министр.

Ол 403 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналаса алғанын, 320 мың жаңа жұмыс орны құрылғанын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі төмендегенін атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!