Доминикан Республикасы туристерді қабылдау бойынша рекорд орнатты

Доминикан Республикасы 2023 жылы 10 миллионнан аса турист қабылдаған. Бұл туралы ел президенті Луис Абинадер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Доминикан Республикасы 10 миллионшы жаңа турист-достардың келуін тойлап жатыр. Бүгін туризм тойлап жатыр, біз өзіміздің кереметтей елімізге келген әрбір қонақты қуана қарсы аламыз", - деп жазды президент Х әлеуметтік желісінде.

Доминикан Республикасының туризм министрлігінің мәліметінше, туристердің мұндай көрсеткіші рекорд екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!