ДДҰ директоры әлемдегі коронавирус жағдайы туралы айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус пандемияның алғашқы алты айдың көрсеткішімен салыстырғанда өткен айда COVID-19 жұқтырғандар саны көп болғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Соңғы төрт аптада пандемияның алғашқы алты айымен салыстырғанда COVID-19 жағдайлары көп болды. Бүкіл Еуропада және Солтүстік Америкада ауруханалар мен интенсив терапия палаталары толып, науқастар саны көбейіп жатыр", - деді ол брифингте. 

Сондай-ақ, ДДҰ бас директоры соңғы аптада COVID-19 вакциналарын зерттеу туралы көптеген жағымды жаңалықтар бар екенін де атап өтті.