Чехияда Занзибардан оралған турист кеденшілерге COVID-19 жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Чехияның солтүстік-батысындағы Либерец қаласында кеденнің алты қызметкері Занзибардан оралған саяхатшыдан Оңтүстік Африка коронавирусының мутациясын жұқтырды. Бұл туралы Либерец өлкесінің гигиеналық қызметінің жетекшісі Владимир Валента мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Чехияның солтүстік-батысындағы Либерец қаласында кеденнің алты қызметкері Занзибардан оралған саяхатшыдан Оңтүстік Африка коронавирусының мутациясын жұқтырды. Бұл туралы Либерец өлкесінің гигиеналық қызметінің жетекшісі Владимир Валента мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.

"Инфекция Занзибардан оралған туристер тобын бақылау кезінде жұққан шығар. Кейінірек олардың бірінен оңтүстікафрикалық коронавирус мутациясы анықталды", - деді Валента.

Шенеуніктің айтуынша, кеденшілердің туыстары арасында коронавирустың осы мутациясын 11 адам жұқтырған. Ал олардан тағы үш адам жұқтырғаны анықталды. Қазір бәрін дәрігерлер қарап жатыр.

"Біз басқа жұқтырған адамдарды анықтау үшін осы пациенттердің байланыстарын тергеуді жалғастырамыз", - деп толықтырды Валента.

Айта кетейік, бұған дейін Чехияда B.1.351 деп аталатын Оңтүстік Африканың коронавирус мутациясын жұқтырған алғашқы жеті адам анықталған болатын. Бұл туралы 24 ақпанда премьер-министр Андрей Бабиш мәлімдеген. Оның айтуынша, олардың үшеуі Танзаниядан туристік сапардан оралған. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная