Малайзияда қазақстандық суға батып кеткені рас па? СІМ не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com / bennnn@hotmail.com Фото:depositphotos.com / bennnn@hotmail.com

Қолданушылардың назарын Малайзиядағы үрейлі ақпарат аударды: танымал курорттағы оқиғадан кейін қазақстандық турист іздестіріліп жатыр. Ақпаратқа СІМ пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Қолданушылардың назарын Малайзиядағы үрейлі ақпарат аударды: танымал курорттағы оқиғадан кейін қазақстандық турист іздестіріліп жатыр. Ақпаратқа СІМ пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Желіде Малайзия Кота-Кинабалу жағажайларының бірінде суға батып кетті деген қазақстандық турист іздестіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Малайзия ақпарат құралдары мәліметінше, оқиға 5 қыркүйекте таңертең курорт маңындағы жағажай аймағында болған.

Ақпаратқа сәйкес, таңғы сағат 8:19-да дабыл түскен соң жеті құтқарушы қазақстандықты іздеуге кіріскен.

"Ересек ер адам суға түсуге барып, жағдайы нашарлады ма, әлде бұл оқиғаға тағы бір себеп әсер етті ме, белгісіз", - делінген хабарламада.

Біз пікір алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа жүгіндік, ол ер адамның өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстандық тірі және дені сау, жағдайы жақсы", - деді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel