Бразилияда туристер мінген қайықтар апатқа ұшырады

Бразилияда Капитолий қаласының жанындағы көлдерде апат болды. Бұл су қоймаларында саяхатшылар арасында танымал қайық экскурсиялары бар. Туристер отырған екі қайыққа кенеттен тас плитасы құлады. Екі қайық батып кетті, 11 адам көз жұмды және екі кеме бүлінді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тravel247 сайтына сілтеме жасап.

35 адам зардап шекті, оның 20-сы қазір ауруханада жатыр. Сонымен қатар, табылмай жатқан туристер бар және іздеу жұмыстары бүгінге дейін жүргізіліп жатыр.

Сарапшылар апатты нөсер жауынның салдарынан болды деп отыр. Себебі жақында Капитолий және оның перифериясында жаңбыр жауды. Мұндайда тау жыныстары жылжып, құлайды.

Қазір туристер үшін кіреберіс жабық. Билік саяхатшыларды мұндай серуендер мен көтерілістерден аулақ болуға шақырды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!