Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдер үшін шекарасын ашады

Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдер үшін шекарасын ашады. Тиісті шешім ВАК отырысында шығарылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап визаны ресімдеуді қажет етпейтін 74 мемлекеттің тұрғындары елге келе алады. Осыған қарамастан, кірер алдында туристерге КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алу, сондай-ақ өз елінен тікелей рейспен ұшып шығу қажет.

Сондай-ақ, вакцина алғанына қарамастан, 72 сағат ішінде жарамды COVID-19 теріс ПТР-тесті туралы анықтаманы ұсыну міндет. Бірге алып жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе қысқартылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.