Бос ұшақтағы жолаушының таңдауы желі қолданушыларының ашуына тиді

Көптеген бос орын болса да, саяхатшының артындағы орынды таңдаған жолаушының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyМail сайтына сілтеме жасап.

Вашингтондық Энтони Томас есімді аспаз Southwest ұшағында түсірілген суретін жариялады. Суретте Энтонидің дәл артында бір жолаушы отырады. Аталмыш сурет желіде қызу талқыланды.

Энтонидің сөзінше, рейстегі бос орындардың көптігіне қарамастан, белгісіз жолаушы оның дәл артына орналасып, өте түсініксіз таңдау жасаған.

Ол өзін қосқанда төрт жолаушы ғана бейнеленген суретті жариялап, оның астына ой саларлық жазба қалдырған.

"Бортта тек екі жолаушы ғана отырған рейсті елестетіп көріңіз. Рейстегі бос тұрған орындардан оның қай жерді таңдағанын қараңыз", - деп жазды ол.

Суретте Энтонидің терезе жақтағы бос қатарда отырғанын, ал қалған екі жолаушы ұшақтың артқы жағында отырғанын көруге болады. Желі пайдаланушылары бейтаныс адамның қасында отыруға шешім қабылдағанына ашуланып, наразылықтарын білдірді.

"Досым, ештеңе етпейді. Орындығыңды толығымен артқа жатқыз да, отырып ал. Өзі кінәлі", "Мен оның қасындағы орынға ауысып алар едім", "Тұрақта бос орындар көп болса да, көлігін тура жаныңызға қоятын адамдар сияқты екен", "Орнымнан тұрып, оның артындағы жерге отырып алар едім", - деп жазды оқырмандар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!