Биыл әлем бойынша саяхаттау деңгейі 1990 жылғы көрсеткішке тең болды

Әлем бойынша халықаралық саяхаттар осы жылдың алғашқы 10 айында 72 пайызға, яғни 1990 жылғы деңгейге дейін төмендеді. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік ұйымының (UNWTO) ресми сайтында жарияланған мәліметтер дәлел болады.

Ұйымда баяндалғандай, мұндай құбылыс коронавирустық пандемияға және оған қарсы шектеу шараларына тікелей байланысты. "Мұның бәрі биыл туризм тарихындағы ең табыссыз жыл болуына әкеп соқты", - делінген хабарламада.

Жыл соңына дейін халықаралық туристік келіп-кету саны бір миллиардқа немесе 70-75 пайызға азайып, отыз жыл бұрынғы деңгейге оралады деген болжам бар. Бұл жағдайда туризм саласының шығыны 1,1 триллион долларға жетеді, бұл өз кезегінде әлемдік ЖІӨ-нің 2 триллион долларға төмендеуіне әкелуі мүмкін.

UNWTO мәліметінше, қаңтар-қазан аралығында әлем елдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 900 миллионға аз турист қабылдаған. Бір жыл ішінде туристік ағымның айтарлықтай төмендеуі Азия-Тынық мұхиты аймағында (82 пайыз), Таяу Шығыста (73) және Африкада (69) тіркелді. Сонымен қатар, Еуропа мен АҚШ-тағы туристік белсенділіктің төмендеуі 68 пайызды көрсетті.

Ұйым туризм 2021 жылдың екінші жартысында ішінара қалпына келе бастайды деп санайды, бірақ халықаралық туристер саны бойынша 2019 жылдың деңгейіне қайта оралу үшін 2,5 жылдан төрт жылға дейін созылуы мүмкін. "Туризм - коронавирустық пандемиядан ең көп зардап шеккен экономикалық сала екендігі анық",- деп қорытындылады БҰҰ UNWTO басшысы Зураб Пололикашвили.

28 тамызда Жапония коронавирус пандемиясынан кейін саяхаттау үшін ең тартымды елге айналатыны белгілі болды. Сонымен, сарапшылардың пікірінше, саяхатшылардың 82 пайызы пандемия аяқталған бойда шетелге қыдыруды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар, туристердің 46 пайызы Жапонияға, 22 пайызы Оңтүстік Кореяға, 17 пайызы Тайваньға сапар шегуді армандайды екен.