Оман қазақстандықтарға арналған кіру ережелерін өзгертті

Оман Сұлтанатының билігі туристердің кіру ережелеріне өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Hotelier басылымына сілтеме жасап. 

Осыған дейін Оман билігі 103 елдің азаматтарына (оның ішінде Қазақстанда бар) уақытша визасыз режим енгізгені белгіл болды. Мұндай шараға барудың басты себебі дағдарыс кезеңінде туризм индустриясы мен жергілікті экономиканы қолдау. 

Осы орайда туристер сұлтанатта 10 күнге дейін бола алады, олардың қонақүйді брондағаны туралы дәлелі, COVID-19 емін жабатын медициналық сақтандыруы және өз еліне қайтатын билеті болуы керек. Ұшпай тұрып жеке құжаттарыңыздың мәліметтерін теру арқылы арнайы сайтта тіркелу қажет және қажетті қосымшаны жүктеген жөн. 

Оманға бару үшін не білу керек?

Келушілерге алдын ала ПТР-тестін тапсырудың қажеті жоқ, оны әуежайда келген соң тапсыруға болады. Ары қарай бір-екі күн қонақүйде оқшауланып оның нәтижесін күту керек.

Алайда, жергілікті БАҚ мәліметіне сәйкес, ендігіде 103 елдің тек 27 елінің азаматтары ғана Оманға визасыз (егер оның төлқұжатында шенген визасы немесе АҚШ-қа, Аустралияға, Ұлыбританияға, Канадағы және Жапонияға кіру визалары болған жағдайда) кіре алады. 

Осы 27 елдің қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Түркменстан, Үндістан, Мысыр, Әзербайжан, Армения және басқалары бар.