Балидегі храмда жалаңаш медитация жасаған туриске іздеу жарияланды

Индонезияның Бали аралының билігі шетелдік туриске іздеу жариялады. Ол ғибадатхана аумағында жалаңаш отырып медитация жасаған. Оның әрекеті қоғамның наразылығын тудырып, видеосы әлеуметтік желіде вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ni Luh Putu Ary Pertami Djelantik (@niluhdjelantik)

Шенеуніктердің айтуынша, мұндай әрекет жергілікті мәдениетке деген құрметсіздік.

"Полиция оның кім екенін анықтады, алайда оның ұлты не аты-жөні әлі жарияланбады. Ол іздеуде жүр", - деп жазды Actual News Magazine басылымы. Құқық қорғау органдарының мамандары онымен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шықпақ болған, алайда бұл қадам нәтиже бермеген.

Шенеуніктер осы жағдай бірнеше рет қайталануына байланысты, жергілікті мәдениетті сыйламайтын туристерді ендігіде қатаң жазалауды көздеп отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!