Тайваньда жойқын тайфун соқты

"Коину" тайфуны Тайваньның оңтүстігіне жетті. Қатты жылдамдықпен соққан жел ағаштарды құлатып, үйлердің терезелерін шаққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Unian басылымына сілтеме жасап.

Табиғи апат салдарынан 400-ге жуық адам зардап шеккен, бір адам қаза тапты.

"Күшік" деп аударылатын бұл тайфун желдің рекордтық жылдамдығын әкелген: шамамен сағатына 343 шақырым, ал тұрақты жел сағатына 199 шақырымға жеткен. Желдің жылдамдығын 1897 жылдан бері есептей бастаған, сол кезден бері Тайваньдағы мына жағдай рекордтық көрсеткіш екен. Оның қатты соққаны соншалық желдің жылдамдығын өлшейтін құрылғылар сынып қалған.

Аралдың айлақтары төңкеріліп, 70-тен аса қайық суға кеткен, тайфун салдарынан екі мектеп қатты бүлінген және жарық сөнген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!