Азиядағы ел барлық туристер үшін кіру ережелерін жеңілдетті

Оңтүстік Корея 3 шілдеден бастап барлық туристер үшін кіру ережелерін жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

Азиядағы ең танымал елдің билігі кіруге арналған электронды рұқсат беру (K-ETA: Korea Electronic Travel Authorization) ережесін қайта қарады. Ендігіде 17 мен 65 жас аралығындағы саяхатшылар электронды тіркелуден өтпей-ақ қоюына болады.

Сонымен қатар, K-ETA жарамдылығы ұзарды - бұрындары екі жылға берілетін, ал 3 шілдеден бастап үш жылға жарамды болады. Сондай-ақ туроператорларға 50 адамнан аспайтын топтарға K-ETA өтінімін сатуға мүмкіндік беріледі, бұрындары тек 30 адамнан аспайтын.

Дереккөз мәліметінше, мұндай шара шетелдік туристердің Кореяға кедергісіз және ұзақ мерзімге келуіне жағдай жасау үшін жасалынып отыр екен. Бұл отбасылық демалысты, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар мен егде жастағы кісілермен қыдыруды жеңілдетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!