Көктен келетін кешбэк. Аралда жаңбыр жауса туристер ақшасын қайтарып алады

Ұлыританияның ең көне курорттарының бірі - Уайт аралында өзгеше жарнамалық науқан жарияланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Sun басылымының мәліметінше, жарнаманы туристерді Саутгемптон аралдарының біріне жеткізетін паром компаниясы ұсынып отыр екен. Егер жаңбыр туристердің демалысын бұзатын болса, компания оларға шығынын өтеп бермек.

Компания туристерге күн ашық болады деген ваучер береді немесе сапар кезінде жаңбыр жауып кетсе, шығынды өтейді. Дегенмен бәрібір бір-екі шектеу барын айта кету керек.

"Біріншіден, демалыс мерзімі - туристер Уайт аралында кемі бес түнін өткізу керек. Егер сол уақыттың ішінде кемі бір күн сегіз сағат бойы жаңбыр тоқтамаса ғана өтемақы алады. Сонымен бірге, бұл аралға жекеменшік көлікпен - авто, микроавтобус, мотоцикл және автоүймен жүргендерге ғана қатысты", - деп береді басылым келісімнің мән-жайын.

Дегенмен ваучер ақшалай күйде қайтпайды, сіз оны келесі жылы жеңілдік ретінде пайдаланады екенсіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!