Автокөлік саяхатында қалай үнемдеуге болады: 7 кеңес

Автокөлік сапарларына мамандандырылған америкалық саяхат блогерлері Bostonglobe.com сайтына сапарда қалай үнемдеуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

1. Бюджетті жоспарлау. Егер сіз шектеулі бюджетпен сапар жоспарласаңыз, алдымен сапарыңыз қанша уақытқа созылатынын шешіп, содан кейін бір күн ішінде қанша ақша жұмсай алатыныңызды есептеңіз. Күтпеген шығындарға белгілі бір соманы бөлуді ұмытпаңыз.

2. Сіздің көлігіңіздің жағдайын алдын ала тексеріп, оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу маңызды. Өз қалаңызда көлікті жөндеп шығу арзанырақ болады. Сондай-ақ, жолда қажет болуы мүмкін құралдардың ең аз жиынтығын алыңыз.

3. Google және басқа да онлайн карталарды жүктеп алыңыз. Олар офлайн режимде қолжетімді және оларды желі нашар орналасқан жерден өтіп бара жатқанда да пайдалана аласыз.

4. Ең арзан жанармай құю станцияларын табу үшін Google картаны қолданыңыз, сонымен қатар бонустық бағдарламалар ұсынатын жерге жанармай құйыңыз.

5. Қонақүй ақысын үнемдеуге болады - көлікте немесе шатырда түнеуге болады. Сондай-ақ, сіз саяхаттайтын аймаққа байланысты кемпингтер немесе жатақханаларды қарастыруға болады.

6. Егер сіз жайлылықты құрбан еткіңіз келмесе, ас үйі бар орынды таңдаңыз. Саяхатта өзіңіз дайындаған аспен тамақтану тиімдірек. Сондықтан үйде сүйікті дәмдеуіштерді бірге алыңыз.

7. Арзан сапалы өнімді сатып алу үшін фермерлер базарына барыңыз. Олар әдетте дәмін татуды тегін ұсынады, яғни базарда жүріп, сіз де жейсіз. Бірақ ең бастысы, сіз ұлттық тағамдармен танысасыз, жергілікті тұрғындармен сөйлесесіз және осы аймақтың атмосферасына енесіз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!