Әуежайда жолаушылардың жаппай төбелесі видеоға түсірілді

Лондон әуежайында бірнеше жолаушы жаппай төбелесті, салдарынан үш адам жарақат алды. Оқиғаның видеосы мен мән-жайын Daily Mail жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Жаппай төбелес 14 мамырда болған. Бірнеше адам Лутон әуежайының ұшу залында шу шығарған. Жанжалдың себебі әзірге белгісіз.

Видеодан орындықтардың арасында бірнеше ер адамның бір-бірін жұдырықтап жатқанын көруге болады. Тәртіпсіздікке қатысушылардың бірін қатты тепкеннен құлап қалды.

Кейін полиция келіп, 17 адам ұсталды. Олардың 11-іне зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылып, сот отырысына дейін кепілмен босатылды. Сондай-ақ, үш ер адам жарақат алып ауруханаға түсті.