Әуе саласының маманы жауған қардың ұшуға қалай әсер ететінін айтты

Әлеуметтік желіде әуе саласы жайлы мәліметтер айтумен танылған стюардесса жауған қардың ұшуға қатты әсер етпейтінін айтты.

Оның айтуынша, қар жауып тұрған кезде әуекемесі командирінің көру мүмкіндігі қиындайды, алайда бұл ұшу қауіпсіздігіне еш әсер етпейді екен.

"Аэрофобтар, еш алаңдамаңыздар! Ұшқыштар жыл мезгілі, күн мен түн және ауа райының қандай болғанына қарамастан, бәрін бақылауда ұстайды", - деді ол.

Сонымен қатар, стюардесса қолайсыз ауа райы кезінде рейстердің кешігуіне себептерді атады: негізінен бұл ұшақты мұз басуға қарсы жүйенің іске қосылуына және техниканы күту кезегіне байланысты екен. Сондай-ақ, ұшу-қону алаңын тазарту жұмыстары да қатты әсер етеді екен.