Астана - әлемнің үздік Smart21 қауымдастықтары рейтингінде үздік үштікке енді

Intelligent Community Forum (ICF) ұйымы Economic Development Australia (EDA) және Economic Developers Association of Canada (EDAC), ICF қауымдастықтарымен бірлесіп ұйымдастырған виртуалды конференция нәтижесінде Smart21 Communities of 2023 әлемдік үздік қауымдастықтар анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Жылдың үздік "Smart21 қауымдастығы ICF бағдарламасының марапаттау рәсімінің жыл сайынғы жартылай финалдық кезеңі болып есептеледі. ICF саммиті 2023 жылы қазанда Интеллектуалдық қауымдастық үздіктерін жариялайды. Аталған 21 қауымдастықтың бірі 2022 жылы үздік атанған Жаңа Тайбэй қаласын алмастырады.

Smart21-ге кірген қалалардың, ауылдардың немесе аймақтардың әрқайсысы қауымдастықты күшті және тұрақты ететін инклюзив экономикалық өркендеуді, әлеуметтік денсаулық пен мәдени байлықты құруды бастау үшін қауымдастықтың дамуын жеделдету стратегиясының. Олардың көпшілігі бірнеше жылдан бері өз бағдарламаларында жұмыс істейді.

2023 жылы үздік атанған Smart21 қауымдастықтары:

Ассаи округі, Парана, Бразилия
Астана, Қазақстан
Белфаст, Солтүстік Ирландия, Ұлыбритания
Ақылды қала Бин Дуонг, Вьетнам
Кокитлам, Британдық Колумбия, Канада
Корал Гейблс, Флорида, АҚШ
Куритиба, Парана, Бразилия
Дефанс, Огайо, АҚШ
Дорал, Флорида, АҚШ
Дарем өңірі, Онтарио, Канада
Эстеван, Саскачеван, Канада
Фэрфилд округі/Джефферсон, Айова, АҚШ
Фредериктон, Нью-Брансуик, Канада
Үлкен Гелонг, Виктория, Аустралия
Грей Округі, Онтарио, Канада
Хиллиард, Огайо, АҚШ
Пикеринг, Онтарио, Канада
Понта-Гросса, Парана, Бразилия
Саншайн-Кост, Квинсленд, Аустралия
Таунсвилл, Квинсленд, Аустралия
Уангануи, Жаңа Зеландия

2023 жылы Smart21 қауымдастықтарына бес құрлықта орналасқан сегіз елдің қалалары мен округтері кірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!