Түркияда жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс салушы қамауға алынды

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс компаниясының басшылары мен мердігер қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Ел билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тексеру жүргізіп, 696 күдіктіні анықтаған. Соның нәтижесінде 188 адам қамауға алынды.

Сондай-ақ, жер сілкінісі болған аймақтарда ұрлық жасады деген күдікпен 306 адам ұсталған.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның бірнеше провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар саны 42 мың адамнан асты. Осы жер сілкінісі салдарынан Сирия тұрғындары қатты зардап шекті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!