Ашық мұхитта 36 сағат қалқыған аустралиялық серферлер құтқарылды

Аустралиялық төрт серфер Индонезия жағалауында қайық апатқа ұшырағаннан кейін таңғажайып жағдайда аман қалды. Олар 36 сағат бойы ашық теңізде жүзген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sydney Morning Gerald басылымына сілтеме жасап.

Аустралиялықтар жексенбіде жоғалып кеткен. Достар араларында біреуінің 30-ға толуына байланысты Азияға серф-круизге аттанған. Компания ағаштан жасалған екі моторлы қайық жалдап, Баньяк топаралына бармақ болған. Алайда ауа райының қолайсыздығы олардың жоспарын бұзған. Алайда тек бір ғана қайық діттеген жеріне жеткен.

Жоғалғандардың үшеуі 15 тамызда табылған. Олар серфингке арналған тақтайшамен мұхитта бір орында 36 сағат қалқып тұрған. Бірнеше сағаттан соң жергілікті балықшы тағы бір серферді тапты, ол өз тобынан бөлініп, көмекке шақыру үшін 32 шақырып жүзген.

Құтқару операциясына жергілікті дереу әрекет ету жасағы мен жеке аустралиялық кемелер атсалысқан. Аустралия Сыртқы істер министрлігі іздеу шараларына көмек болсын деп ұшақты әуеге көтерген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!