"Әлемдегі ең ыңғайсыз дүкен" Қытайдан табылды

"Әлемдегі ең ыңғайсыз дүкен" Қытайдан табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Pravilamag. басылымына сілтеме жасап.

Ол жерден 120 метр биіктікте тік жартаста орналасқан. Бастапқыда оған Twitter желісінің қолданушылары назар аударған, сосын БАҚ өкілдері жаза бастады.

Шағын ағаштан жасалған дүкен қытайлық Хуань провинциясының Синьючжай Ұлттық геологиялық паркінде орналасқан, ол альпинистерге арналған.

Басылым мәліметінше, онда олар "қажетті тіскебасар мен салқын сусындар және тауға шығу кезінде қажетті заттарды алады". Дүкендегі азық-түлікті зиплайн көмегімен толтырады екен.

Фото из соцсетей

Әлеуметтік желі қолданушылары осындай дүкеннің барына таңданып, түрлі пікір жазған.

Сатушының күн сайын ол дүкенге қалай көтерілетіне бас қатырғандар да болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!