Арменияда вакцина салдырған шетелдіктен ПТР-тест талап етілмейді

Армян билігі вакцинацияның толық курсынан өткен шетелдік саяхатшылар үшін мемлекет шекарасынан өтуді едәуір жеңілдетті, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Армения денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Анаит Аванесян вакцинаның екі компонентін алғанын растайтын құжаты бар туристерге елге келер алдында ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ екенін айтты. Яғни, "жасыл паспорт" және теріс нәтижесі бар ПТР-тест елге кіру үшін бірдей жарамды болады.

Сонымен қатар, бір жасқа толмаған балаларға арналған "ковид" анықтайтын тестілеу тоқтатылды. Анаит Аванесянның айтуынша, егер бүкіл отбасы вакцина салдырған болса немесе олардың теріс ПТР-тесті болса, әдетте балалар коронавирусты жұқтырмайды. Өйткені кішкентай балалар көбіне тек жақын адамдарының қасында болады, сондықтан бөгделерден жұқтыруы екіталай.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.