Мальдив аралдарында коменданттық сағат енгізілді

6 мамырдан бастап Мальдивтегі Үлкен Мале аймағында сағат 21:00-ден 4:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді - бұл уақытта аралдар арасында қозғалуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Жаңадан қабылданған шектеу шаралары коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар туристерге әсер етпейді. Олар тапсырыс берген жеке курорттарға кедергісіз жете алады.

Мальдив билігі шектеу шарасын COVID-19 жұқтырған жағдайлардың күрт өсуіне байланысты енгізді. Олар соңғы аптада жаңа тіркелген жағдайлардың екі есе өсуі (734 адамға дейін) Рамазан айында коронавирусқа байланысты тыйымдардың жеңілдетілуімен және жергілікті сайлаумен байланысты болды деп отыр. Ең көп жағдай арал астанасы - Мале қаласында тіркелді.