Антальяда туристер мінген автобус аударылды

Түркияның Анталья қаласында туристер мінген автобус аударылды. Онда негізінен ресейлік саяхатшылар болған, - деп хабарлайды Demirören агенттігі. 

Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кемер уезінің Чамъюва ауданында болған. Саяхатшыларды Демреге апара жатқан жұргізуші көлік басқаруды игере алмай, жолдан шығып кетіп электр желісі орнатылған бағанаға соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 11 турист пен жүргізуші зардап шекті, олар оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем каретасымен ауруханаға жеткізілді. 

Айта кетейік, осыған дейін сәуірдің ортасында Анталья қаласының аумағында америкалық туристер отырған автобус аударылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, апат салдарынан жеті адам зардап шеккен.