Түркияда туристер отырған автобус аударылды

Түркияның Анталья қаласының аумағында америкалық туристер отырған автобус аударылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, апат салдарынан жеті адам зардап шеккен. 

Жол-көлік оқиғасы былай болған: Шамамен таңғы 10:30-да Аксеки ауданындағы Гериш тасжолында Антальядан Каппадокияға туристерді апара жатқан микроавтобус аударылып, жол шетіндегі қоршауға соғылған. Соның әсерінен ары қарай жергілікті шарап жасаушының жүзім алқабына өтіп кеткен. Оқиға орнына полиция, дәрігерлер және өрт сөндірушілер жөнелтілген. 

Жол апатынан жеті адам зардап шекті. Олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Барлық туристердің америкалықтар екені айтылады. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге ресми нұсқа - жолдағы жаңбырдан автобус дөңгелегі тайғанаған. 

Еске салайық, ақпан айының соңында 47 адам - екі жүргізуші, гид және туристер болған автобус Измирден Каппадокияға бара жатқан. Конья-Ақсарай тас жолының 47-шақырымында автобус аударылып, жол қоршауына соқтығысты. Нәтижесінде бес адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды, көлікте болғандардың барлығы дерлік (41 адам) жарақат алды.