Анталиядағы танымал орында турист 50 метр биіктен құлап қаза болды

Түркияда Кепрюлю каньоны маңында турист 50 метр биіктен құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NTV.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Германия азаматы Тхо Вильенборг каньонда бірнеше суретке түсу үшін танымал туристік орынға барған. Осы кезде көпірде тұрған ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, 50-55 метр биіктен шыңырауға құлап кеткен.

Жауапты түрік қызметтері оқиға орнына дереу жетті, бірақ олар туристі аман алып қала алмаған, тек оның қазасы расталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.