Қостанайға шыққан ұшақ Астанаға оралды

28 желтоқсанда Астана-Қостанай рейсі техникалық ақауларға байланысты кейінге шегеріліп, жолаушылар елордада қосымша 4 сағат 35 минут уақыт өткізуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Qazaq Air мәліметінше, ұшақ Астанадан сағат 15:25-те ұшып шығуы тиіс болған. Мұздың қатуына қарсы процедуралардан кейін сағат 20:27-де ұшып кетуге әрекеттенгеніне қарамастан, ұшақ техникалық ақауға байланысты әуежайға оралған.

Ұшақты қайтару туралы шешімді экипаж Астанада техникалық қызмет көрсету базасы орналасуына байланысты қабылдады. Борт тексеріліп жатыр.

Жолаушыларға өтемақы және тасымалдау ережелеріне сәйкес билеттерді қайта брондау немесе қайтару мүмкіндігін бере отырып, рейс әуекомпанияның басқа әуе кемесіне ауыстырылғаны хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.