Анасы мен қызы жолаушылар ұшағын "тізгіндеп", тарихқа енді

Ұшқыш қызметін атқаратын анасы мен қызы бір уақытта жолаушылар ұшағының штурвалында кездесіп, тарихқа енді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Екеуі де SkyWest әуекомпаниясының қызметкерлері. 56 жастағы Сьюзи Гарреттің осы салада 30 жылдан аса тәжірибесі бар және оның есімі бұрындары да жаңалықтарға шыққан. Ол өзінің қызы Донна Гарреттпен бірге ұшақты тізгіндеген. 

Мысалы, ол SkyWest компаниясы әуе кемесінің командирі қызметіне алынған тұңғыш әйелдің бірі болған. Сонымен қатар, Сьюзидің жолдасы мен баласы да табысты ұшқыштар екені айтылады. 

"Біздің балалар ұшқыш боламыз деп ойламаған, алайда олар кеңседе отырып істейтін жұмыстарға назар аудара бастағанда, сосын бақытты ата-аналарды көргенде оларға таңдау жасау керек болды", - дейді Гарретт.