Аустралия билігі: Біз шекараны баяу, ережелерге сай ашатын боламыз

Аустралия билігі елдің халықаралық туризм үшін ашылу жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily басылымына сілтеме жасап. 

Аустралияның көші-қон министрі Алан Тьюдждің айтуынша, шекара "баяу, бірақ дұрыс ашылатын" болады. 

"Біз қайтадан білікті мигранттарды басым тәртіппен уақытша кіргізе бастадық, бірақ басым тәртіппен. Жаңа Зеландиямен туристік "көпіршік" туралы келісім барысында осыны қолған алдық, бұл дегеніміз саяхатшыларға екі ел арасында карантиннен өтудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Бұл өте маңызды қадам", - деді ол.

Жаңа Зеландия Аустралия үшін 2019 жылдың соңында ең көп баратын ел болды. Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және Тынық мұхиты елдерінен келген саяхатшылар үшін Аустралия шекараларының ашылуы да талқыланып жатыр екен. Сонымен қатар, Аустралиядан Таиландқа және Фиджи аралдарына қауіпсіз дәліздер жоспарланған.

Аустралиялықтар 2021 жылы шетелде демала алады деп күтіледі.