Алматыдан ұшатын бірнеше рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты кешікті

FlyArystan әуекомпаниясы КС7132 (Павлодар-Алматы) бағытындағы рейсі Павлодар қаласының әуежайында қолайсыз ауа-райы себебінен және әуекемені мұздан тазарту бойынша рәсімді орындау мүмкін еместігінің салдарынан кешіктірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі FlyArystan info Telegram-каналына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдері, рейс алдын ала 15 сәуірге ауыстырылғанын хабарлады.

"шу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар flyarystan қосымшасында рейстің статусын өз бетінше тексере алады. Әуекомпанияның кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз рейстің жолаушыларына жағдай жасадық", - делінген хабарламада.

Оның ішінде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады.

Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз. Бұл рейстің кешігуі КС7057 (Алматы-Астана) бағытындағы рейсінің кейінге қалдырыуна себеп болды, ұшу уақыты Алматы уақыты бойынша 00:30-ға ауыстырылды. Аталмыш рейстің жолаушыларына сусындар мен тағам ұсынылады.

Одан кейін ұшатын КС7058 (Астана-Алматы) рейсі тиісінше кешіктіріліп ұшатын болады. Рейс Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ге ауыстырылды. Бұл рейстің жолаушыларына сусындар мен ыстық тағам ұсынылды.

"Біз ауа-райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейстерді уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз", - деді FlyArystan баспасөз қызметінің өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!