Айды кемірген жанартау мен 14 ғасырдағы мұнара. Табиғат аясындағы ең жақсы фотосуреттер таңдап алынды

Жабайы табиғаттың сирек кездесетін көріністері, жанартаудың ерекше бейнесі және эмоционалды ковбой қыз - Sony World Photography Awards 2023 фотобайқауы жеңімпаздарының негізгі тақырыптары, - деп баяндайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен "Авиата" сервисі.

Соңғы 15 жыл бойы өткізіліп келе жатқан беделді деп саналатын ашық байқауға қатысу үшін 200 000-нан астам фотосурет жіберілді және Daily Mail ішінен "ең әсерлі және ерекше суреттерді" таңдап алды.

Хосе Мануэль Грандио, Испания, "Табиғат әлемі және жабайы табиғат"

"Ғалымдар ақкістердің секіруін бұрыннан тамашалайтын. Бірақ, олардың неліктен секіретіні әлі толық анықталмаған. Сарапшылардың пікірлері әртүрлі. Кейде олар қоянның не үлкен құстың алдында секіріп, оларды шатастырып, олжадан айырмақшы болады.

Кейде бұл кеміргіштер жай ғана секіруі де мүмкін. Басқа болжам бойынша, бұл паразиттік инфекцияға байланысты көрсетілген еріксіз қимыл-қозғалыс та болуы әбден мүмкін", - деп жазылған дереккөзде.

Франческо Джуниор Мур, Италия, "Қозғалыс"

"Жолдың бірінші кедергісі - менің сүйікті жерім. Бұл кезеңде адам мен ит арасындағы байланыс ерекше байқалады. Адамның әрбір басын изеген сайын иттің бұлшық еттері қалай жиырылып, жұмыс істейтінін, энергияны қалай бөлетінін анық көруге болады", - деп түсіндірді суретін итальяндық фотосуретші, ал оның суреті Италияда аджилити жарысы кезінде түсірілген.

Полак Павел Ягелло, Италия, "Саяхат"

Фотограф Италиядағы су қоймасынан шығып тұрған шіркеу мұнарасын түсірді.

"1950 жылы итальяндық Курон ауылын су басып, оның орнына Резия көлінің жасанды бассейні толтырылды. Бұрынғы ауылдан қалған жалғыз ескерткіш 14 ғасырдағы мұнара болды", - деп жазады дереккөз.

Джорди Кой, Испания, "Пейзаж"

"Сұлулығы тамсандырған айдың шетін ежелгі жанартау кеміріп жеп тұрғандай әсер қалдырады. Атмосфералық жұмбақ сурет 10 шақырым қашықтықтан түсірілген", - дейді сипаттамада.

Бинг Ли, Канада, "Пейзаж"

Патагонияның барлық күзгі бояулары бір фотосуретте берілген.

Ангиоло Манетти, Италия, "Сәулет"

Фотода Амстердамдағы "Алқап" деп аталатын кешен көрсетілген: нысанның үш шыңы бар, ең биігі 100 метр.

Лоренцо Гриффантини, Италия, "Көше көрінісі"

Апулиядағы жағажай сатушысы, түрлі-түсті жағажайға қажетті заттармен толтырылған дүңгіршегі бар.

Джоргос Русопулос, Грекия, "Пейзаж"

"Грекиядағы Пиндус ұлттық саябағында серуендеп жүргенде осы ғажайып көрініске шыдай алмадым. Алыстағы шың Тимфи тауы, оның биіктігі 2497 метр", - деп түсіндірді жұмысын фотосуретші.

Чжэнхуан Чжуо, Қытай, "Қозғалыс"

Онтариодағы байқау кезінде қытайлық фотосуретші ковбой қызды түсіріп алған.

"Бөшкелер жарысында ковбой қыздар бөшкелерді тез айналып өтуі қажет. Кім жылдам орындаса, сол жеңеді. Жарыс қызықты әрі әсерлі, әсіресе бұрылыстарда", - деп баяндайды сюжетін автор.

Альбрехт Восс, Германия, "Сәулет"

Дроннан түсірілген таңғажайып суретте Швейцариядағы 2989 метр биіктіктегі бір мезетте 120 қонақты қабылдай алатын ерекше сәнді Monte Rosa Hutte қонақүйі көрсетілген.

Тибор Пришняк, Венгрия, "Табиғат әлемі және жабайы табиғат"

Түсірілімді әуесқой суретші түсіргенімен, Венгрияның табиғаты мен тылсым атмосферасы ерекше таң қалдырады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.