Жер-жаһан 19 маусым 2024 14:00

Алматы экспаттар үшін Орталық Азиядағы ең қымбат қала болды: зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Экспаттар үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалардың рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Экспаттар үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалардың рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2024 жылғы Mercer деректеріне сәйкес, Гонконг, Сингапур және Цюрих халықаралық жұмысшылар үшін әлемдегі ең қымбат қала болып қала береді. Бұл үш қала былтырғымен салыстырғанда Mercer рейтингіндегі позицияларын сақтап қалған. Тізімнің соңында Исламабад, Лагос және Абуджа тұр, олар өмір сүру құны бойынша ең төменгі орында.

Жыл сайынғы өмір сүру құны туралы Mercer рейтингі көшу туралы шешім қабылдайтындарға бағыт береді. Рейтинг дүние жүзіндегі 226 қаланы қамтиды, олар ең қымбатынан ең арзанына дейін сұрыпталады.

Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат ел болды. Рейтингте Алматы 191-орынға тұрақтаса, Ташкент (216), Душанбе (220) және Бішкек (223) одан төменірек тұр. Айта кетейік, бұл тізімде Түркіменстанның қалалары жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!