Әлемдегі өмір сүру үшін ең жайлы қала аталды

2023 жылы тамызда нидерландтық Гаага әлемдегі өмір сүру үшін ең жайлы қала ретінде танылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Numbeo сервисіне сілтеме жасап.

Сервис мәліметтерді нақты уақыт тәртіптемесінде жаңартып отырады. 215,9 ұпай жинаған Гаага бірінші орынға шықты. Екінші орынды Нидерландтың тағы бір қаласы - Роттердам иеленді, үздік үштікке Люксембург кірді. Сосын Валенсия, Амстердам, Вена, Хельсинки, Мадрид, Копенгаген және Рейкьявик үздіктер тізімін ары қарай жалғастырды.

Роттердам. pixabay.com

Қазақстан қалаларынан бұл тізімге тек бір ғана қала енген - Алматы. Ол жайлылық рейтингінде 85,1 ұпаймен 179-орынға табан тіреген.

Алматы. pixabay.com

Рейтинг соңында Нигерияның Лагос және Филиппиннің Маниласы тұр, олардағы жайлылық индексі 50-ден төмен.

Лагос. pixabay.com

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.