Әлемдегі ең үлкен жолаушылар ұшағы қонақүйге айналады

Қайта өңдеуге жіберілетін Airbus A380 ұшағы қонақүйге айналады. Мұны Airbus-тың бұрынғы инженері Фредерик Де Люс орындайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Autotime Hub сайтына сілтеме жасап.

Қонақүй Тулуза (Франция) әуежайының солтүстік бөлігінде орналасады.

Қонақүй концепті. www.projet-envergure.com сайтынан алынды

Әуе кемесінде 31 бөлме болады. Фюзеляжда бөлменің үш түрі ұсынылады: стандартты екі орындық, үш-төрт адамға арналған жартылай люкс және екі люкс. Люкстердің бірі A380 кабинасында, ал екіншісі ұшақтың артқы жағында баспалдақпен жалғанған екі қабатта орналасады. Сондай-ақ, қонақүй кешенінде террасасы бар 60 орындық мейрамхана болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!