Әлемдегі ең танымал тематикалық саябақтар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Сарапшылар әлеуметтік желілердегі хэштегтердің санына негізделген әлемдегі ең танымал тематикалық саябақтардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily News порталына сілтеме жасап.


Сарапшылар әлеуметтік желілердегі хэштегтердің санына негізделген әлемдегі ең танымал тематикалық саябақтардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily News порталына сілтеме жасап.

Рейтингте бірінші орынды Париждегі Диснейленд алды. Саябақ Instagram желісінде бес миллионнан көбірек аталған. Екінші орында - оның Калифорниядағы америкалық филиалы. Сарапшылар Instagram-да саябақтың суреті бар бір жарым миллионға жуық жарияланымды есептеді.

Голливудтағы Universal Studios үздік бестікке кірді. Кино әуесқойлары үшін жұмақ мекенде Юр кезеңіндегі динозаврлармен серуендеуге немесе Гарри Поттер әлеміне баруға болады. Сондай-ақ, Германиядағы Еуропа паркі және Абу-Дабидегі Ferrari World тематикалық саябағы бестіктен табылды.

Пайдаланушылар Нидерландиядағы Эфтелинг паркі, Австралиядағы Dreamworld және басқалары туралы жиі жазған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel