Ауғанстанда биліктің өзгеруі: туризм үшін салдары қандай?

Соңғы күндері ең көп талқыланған саяси оқиғалардың бірі Ауғанстандағы билікті Талибан қозғалысының (Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған) басып алуы болды. Бұл жағдайдың салдары түрлі салаға кері әсер етуі әбден мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

АҚШ әскерлері елден асығыс шығарылғаннан кейін президент Ашраф Ғани және үкімет мүшелерінің көпшілігі шетелге қашып кетті. Барлық әлемдік БАҚ Кабул әуежайынан таңғаларлық кадрларды жариялады - адамдар радикалды исламистерден қашып, мемлекет аумағынан кету үмітімен ұшаққа отыруға тырысып жатыр. Олар ұшақтың ішіне кіре алмаған соң, сыртына жабысып тұрған.

Ресейлік шығыстанушы Евгений Сатановский "Талибан" қозғалысында (Қазақстанда тыйым салынған) "Өзбекстанның ислам қозғалысы", "Тәжікстанның исламдық жаңғыру партиясы", Ауғанстанда басмашылармен күрес кезінен бері отырған "түрікмен талибандары" сияқты радикалды топтардың бар екенін еске салды. Сарапшының пікірінше, бұл күштер ерте ме, кеш пе Орталық Азия республикаларына басып кіреді, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Түрікменстанның және тіпті Қазақстанның саяси режимдері қарсы тұра алмайды.

Туризмге не болады?

Егер Евгений Сатановскийдің қайғылы болжамы орындалса, пандемияға дейінгі кезеңде белсенді дамып келе жатқан Өзбекстанға туризм туралы ұмытуға тура келеді. Табиғи және экологиялық саяхат әуесқойлары арасында танымал бола бастаған Тәжікстанға сапарлар да сондай болады.

Орталық Азия аймағындағы жағдайдың әскери шиеленісуі жаһандық туристік ағымдарға әсер етуі мүмкін. Өйткені, Ауғанстаннан Еуропа мен Ресейден көптеген әуе бағыттары өтеді, бұл - Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияға – Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Сингапур, Гонконгқа және басқа елге ең қысқа әрі оңтайлы жол. Қауіпті аймақтарды айналып ұшу үшін рейстер схемасын өзгерту сөзсіз әуекомпаниялар шығындарының артуына және соның салдарынан билеттердің қымбаттауына алып келеді.

Ресейлік "Аэрофлот" компаниясы бірқатар шетелдік тасымалдаушыдан кейін Дели мен Бангкокқа рейстер орындау кезінде Ауғанстанның әуе кеңістігін айналып өту туралы шешім шығарды. Бұд туралы БАҚ 16 тамызда әуекомпания өкілі Михаил Деминге сілтеме жасап хабарлады. Әзірге бұл шара уақытша, "жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін" қолданылып отыр. Бірақ сценарий қолайсыз болса, өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!