Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар тізімі жарияланды

Гамбургтік JACDEC әуе оқиғалары бюросының мамандары әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қауіпсіздік рейтингі әуекомпаниялардың кейінгі 30 жылдағы апат тарихына, олар жұмыс істейтін елдегі қауіпсіздік деңгейіне және әуекомпаниялардың нақты тәуекел факторларына негізделген. Ең жоғары ұпай - 100.

Үздік бестікке енген әуекомпаниялар осы көрсеткіштер бойынша 95-тен 90-ға ұпай жинаған. Бірінші орынды 95 ұпай жинаған дубайлық Emirates компаниясы иеленді. Көшбасшылар арасында Нидерланды, АҚШ және Ұлыбритания тасымалдаушылары да бар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ең қауіпсіз 15 тасымалдаушының тізімі мынадай:

  1. Emirates, БАӘ (тәуекел индексі - 95,05)
  2. KLM, Нидерланды (93,31)
  3. Jetblue Airways, АҚШ (91,61)
  4. Delta Air Lines, АҚШ (91,55)
  5. Easyjet, Ұлыбритания (91,28)
  6. Air Canada, Канада (90,90)
  7. Southwest Airlines, АҚШ (89,73)
  8. Spirit Airlines, АҚШ (89,73)
  9. Ryanair, Ирландия (89,41)
  10. Qatar Airways, Катар (89,24)
  11. United Airlines, АҚШ (88,52)
  12. Sichuan Airlines, Қытай (88,13)
  13. Shenzhen Airlines, Қытай (88,09)
  14. British Airways, Ұлыбритания (87,99)
  15. IndiGo, Үндістан (87,97)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.