2022 жылы қазақстандықтар қайда демалды?

Жаңажылдық мерекелер өтіп, қазақстандықтар жұмысқа кірісті. Кейбір қазақстандықтар демалысты шетелде өткізген. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Туристік Қамқор" қорынан қазақстандықтардың 2022 жылы қайда демалғанын сұрастырды.

Ведомстово баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, былтыр 596 967 туркод берілген. Яғни осыншама қазақстандық турпакет шеңберінде саяхаттаған.

Қазақстандықтар барған үздік бес елдің қатарында мынадай елдер бар: Түркия, БАӘ, Мысыр, Таиланд және Мальдив аралдары.

"Былтыр Түркияда 239 817 отандасымыз демалған, БАӘ - 138 244 адам, Мысыр - 120 214 , сосын Таиланд - 45 745 және пандемия жылдары қазақстандықтар арасында танымал болған Мальдив аралдары - 10 843 адам", - делінген хабарламада.

Жаңажылдық мереке кезінде, яғни 2022 жылы 26 желтоқсан мен 2023 жылы 1 қаңтар аралығында 14 369 турист турпакетпен шетелде болған.

Айта кетейік, 2021 жылы туризм белсенді түрде қалпына келе бастады және аталған жылдың тоғыз айында (қаңтардан қазанға дейін) 323 470 қазақстандық шетелге демалысқа шықты. Содан кейін "Туристік Қамқор" корпоративтік қорында 2021 жылдың көрсеткіші 2020 жылдың көрсеткішінен алты есе асып түскен, сол кезде 54 881 турист шетелге демалуға туристік жолдамалар арқылы саяхаттаған.

2021 жылы ең танымал бағыттардың қатарына Мальдив аралдары (10 297 адам) және Черногория (4 824 адам) енді. 2021 жылы шетелде демалуға арналған танымал елдер тізімінің рейтингі мынадай: Мысыр - 129 347 турист, Түркия - 109 964, БАӘ - 61 764, Грузия - 4 017 және Шри-Ланка - 3 133. Сондай-ақ, Қазақстаннан шығатын туристердің ең көп саны шілде және тамыз айларында - 67 803 және 63 028 адам болғанын атап өткен жөн.