Әлемде ең үздік туристік мемлекет аталды

Интернет қолданушылары ең үздік туристік мемлекетті таңдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

Sun Travel Awards дауыс беру науқанына таблоидтың мыңдаған оқырманы қатысқан. Сауалнама нәтижесінде ең үздік туристік бағыт ретінде Италия таңдалды, сондай-ақ АҚШ пен Грекия да көп дауыс жинаған. 

Италияның Флоренция қаласы. Сурет pixabay.com сайтынан

Газет оқырмандары ең үздік круиздік және әуекомпаниялар үшін де дауыс берген. Олардың ойынша, америкалық Royal Caribbean, Princess Cruises круиздік компаниялары және ұлыбританиялық P&O круиздік тізбек үздік екен. 

Royal Caribbean круиздік лайнері. Сурет pixabay.com сайтынан

Үздік халықаралық әуекомпаниясы атағын Emirates Airlines жеңіп алған, ал екінші және үшінші орынды Ұлыбританияның ұлттық тасымалдаушылары British Airways және Virgin Atlantic өзара бөлісті. 

Emirates Airlines ұшағы. Сурет pixabay.com сайтынан

Осыған дейін, Еуропадағы ең үздік туристік мемлекет аталған еді