Еуропадағы ең үздік туристік мемлекет аталды

Португалия 2020 жылы Еуропадағы ең жақсы туристік бағыт деп танылды. Халықаралық сыншылар оған төртінші рет қатарынан World Travel Awards сыйлығын берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі премияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, World Travel Awards марапатын көптеген португалдық орналастыру нысандары алды, ал елдің оңтүстігіндегі Алгарве жағалауы жағажай демалысы үшін Еуропаның ең жақсы аймағы деп танылды.

Португалиядан бөлек осы атаққа Австрия, Англия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария және Түркия сыйлыққа ұсынылған.

World Travel Awards сыйлығын жыл сайын Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің сарапшылары ұсынады. Сыйлықтар жалпы ғаламдық деңгейде де, сегіз халықаралық аймақтық аумақта да, атап айтқанда, қонақ үйлер мен тұрғын үйлер, аттракциондар, әуекомпаниялар және көлік сияқты санаттарға бөлінеді.