АҚШ-та миниондар паркі ашылады

Келер жазда АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында Universal Orlando Resort жаңа тематикалық миниондар зонасы мен қызықты әткеншектер ашады, - деп хабарлайды travelandleisure.com.

Minion Land Флориданың тематикалық паркінің аумағында орналасады. Мұнда туристерді тартатын орын - жаңа Villain-Con Minion Blast әткеншегі болады. Бұл отбасылық әткеншекті Universal командасы мен Illumination режиссерлері ойластырған.

"Бұл интерактив бластерлік ойын қонақтарға өзінің қаскөйлік тәжірибесін сынауға мүмкіндік береді, сол арқылы достарымен танымал суперқаскөйлердің қатарын толтыруға тырысады", - делінген Universal пресс-релизінде.

Сондай-ақ паркте Minion Cafe болады. Келесі айда парк туралы толық мәлімет пен акциялар жарияланатыны айтылған.