Мұз боп қатқан Каспий әуеден видеоға түсірілді

Блогер Азамат Сәрсенбаев мұз боп қатқан Каспий теңізін видеоға түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ролик дрон көмегімен биіктен түсірілген.

"Бұл Антарктида емес, бұл біздің Каспий", - деп жазды автор видео сипаттамасында. Сондай-ақ, ол түсірілім Құлалы аралында жүргізілгені айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Құлалы - Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі доғаша иілген арал. Итбалықтар аралдарының құрамына кіреді. Каспийдің шығыс жағасындағы Түпқараған мүйісінің солтүстік-батысында 22 шақырым жерде, ұзындығы 39 шақырым, ені 2 шақырым, ауданы 38 шаршы шақырым. Аралдың жер бедері аласа келген, орта бөлігінің батыс жағалауы құм төбелі. Өсімдігі сирек. Солтүстігінде Қазақ гидрометеорологиялық басқармасының метеорологиялық станциясы бар.