Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан қаншасыншы орында?

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 113 елдің арасында 104-орынды иеленді. Мұндай мәліметтерді халықаралық Education First компаниясы жариялады. Тестілеу жұмыстары 113 ел мен өңірлерде 2,2 миллион адам арасында жүргізілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бірінші орынға Нидерланды жайғасты. Екінші орын - Сингапур, ал қола - Австрияға бұйырды.

Үздік ондыққа енген елдер тізімі мынадай:

  • Нидерланды;
  • Сингапур;
  • Австрия;
  • Дания;
  • Норвегия;
  • Швеция;
  • Бельгия;
  • Португалия;
  • Оңтүстік-Африка Республикасы (ОАР);
  • Германия.

Ресей рейтингтің 41-орынында тұр, Украина - 45 орынды місе тұтты. Түркия 66-орынға жайғасса, Ауғанстан - 88 орында тұр.

Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру бойынша, рейтингтің "ең төменгі" бөлігінде орналасқан. Қырғызстан 90-орында тұрғанын айта кету керек.

105-орын. Сомали;
106-орын. Ирак;
107-орын. Кот-д'Ивуар;
108-орын. Сауд Арабиясы;
109-орын. Руанда;
110-орын. Ливия;
111-орын. Йемен;
112-орын. Тәжікстан;
113-орын. Демократиялық Конго Республикасы.

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9 пайыз екі тілді, 28,6 пайызы - үш тілді меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7 пайыз 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2 пайызы біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1 пайыз немесе 8 845 адам.

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында тұрады. Бұл ретте 35,1 пайыз немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6 пайыз - еркін сөйлейді. Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!