Гавайда көлдің түсі күлгін-қызғылт түске боялды

Мауи аралындағы Кеалия көлі ерекше күлгін-қызғылт түске боялды. Мамандар мұндай құбылыстың сыры - құрғақшылықтан болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі UPI сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың балық және жабайы табиғат күзеті қызметі суқоймасының түсі екі аптадан аса уақыт осындай екенін мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар мұндай құбылыс бұрын-соңды болмағанын айтады.

Мамандардың пайымдауынша, түстің өзгеруі тұзды суларда пайда болатын галобактериялардың әрекетінен пайда болған. Құрғақшылық пен орман өртінен кейін Кеалия көлінде тұздың мөлшері көбейген.

Көлдің суы улы емес, бірақ оны Гавай университетінің мамандары тексеріп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!