Африканың ең биік жанартауында туристер үшін жылдам интернет пайда болды

Танзания билігі Африканың ең биік шыңы Килиманжаро жанартауына жоғары жылдамдықты интернет орнатты. Бұл туралы CNN хабарлады.

Енді туристер мен альпинистер биікке көтерілген кезде бірден суреттер мен видеолар жүктеуге мүмкіндік алады. Кең жолақты Интернетке арналған жабдықты Танзания телекоммуникациялық корпорациясы орнатты.

Елдің ақпарат, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Снейп Мозес 5,8 мың метр биіктікте тұрақты интернеттің болуы шыңға көтерілуді қауіпсіз ететінін атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!