Каякада жүзген турист дауылдың астына түсіп, күйеуінің көз алдында батып кетті

Францияның Корсика аралында күшті дауыл каякада жүзіп жүрген қарт туристі алып кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 тамызда қайықпен жүзу кезінде болды. Саяхатшылар тобы секундына 62 метрге жететін қатты желдің астына түсті. Нәтижесінде дауыл 60 жастағы әйелді күйеуінің көз алдында алып кетті.

Турист батып кетті, біраз уақыттан кейін оның денесі Бестия қаласының маңындағы судан табылды. Қалған демалушылар желден жасырына алды.

Басылымның мәліметінше, бұл соңғы уақытта дауыл салдарынан Еуропада адам өлімінің алғашқы оқиғасы емес. Ұлыбританиядан басқа, Италия, Австрия және Францияда 12 адам қайтыс болғаны белгілі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!